Тарихи алтын

Тарихи алтын

Getty Images

Каратенің full conact түрінен Қазақстан құрамасы үздік атанды, деп хабарлайды

Bassport.kz сайты.

Жапония астанасы Токио қаласында өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз екі қола, бір алтынға қол жеткізіп, үздік үштіктен көрінді. 

Жартылай финалдық кездесуде төрешілердің қате шешімімен Еламан Мұқашев жарыс жолынан шеттетіліп, ақтық сынға берілетін жолдамадан қағылды. Ал Алина Осипенко болса әлемнің 3 дүркін абсолютті жеңімпазы Сузукиге жол беріп, қола жүлдені қанағат етті.

Финалдық кездесудің ең жарқын жекпе-жегі саналған Цукомото және Зимарев кездесуінде отандасымыз айқын басымдылық танытып, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын.