World Boxing Cup: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

World Boxing Cup: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
Бокс

ҚБФ

Астанада өтіп жатқан World Boxing Cup жарысының үшінші кезеңі қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтті.

Жекпе-жектер 1–2 шілде күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Қазақстан ерлер құрамасының боксшылары жарыстың алғашқы күнінде бірқатар салмақ дәрежелерінде рингке шығатын болды.

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:

50 келі (9 боксшы) – ширек финал Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы әлем чемпионы) – Кото Шудай (Жапония)

55 келі (14 боксшы) – ширек финал Сабырхан Махмұд (2023 жылғы әлем чемпионы) – Шин Жаенг (Оңтүстік Корея)

60 келі (17 боксшы) – 1/8 финал Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – Якоб Кассар (Жаңа Зеландия, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

65 келі (19 боксшы) – 1/8 финал Ертуған Зейнуллиннов (Азия ойындарының қола жүлдегері) – Ахмет Пекел (Түркия)

70 келі (15 боксшы) Абылайхан Жүсіпов (әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері) – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан, жастар арасындағы Азия чемпионатының финалисі)

75 келі (9 боксшы) Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)

80 келі (15 боксшы) – 1/8 финал Нұрбек Оралбай (әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері) – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) Бұл екі спортшы Париж Олимпиадасының ширек финалында да кездескен.

85 келі (6 боксшы) – ширек финал Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы) – Лачлан Лаусон (Жаңа Зеландия)

90 келі (10 боксшы) Сағындық Тоғамбай (Азия чемпионы) – жартылай финалға шығу үшін Италиялық Азиз Аббес Мухийдин мен АҚШ боксшысы Малачи Джоржес арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады

+90 келі (13 боксшы) Айбек Оралбай (Азияның екі дүркін чемпионы) – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

Жекпе-жек сессиялары:

Күндізгі бөлім – 14:00

Кешкі бөлім – 19:00

Қазақстандық боксшылардың көпшілігі бұл жарысқа әлемдік деңгейдегі тәжірибемен келіп отыр. Кейбірі – бұрынғы чемпион, кейбірі – Олимпиада финалистері.