Самат Смаков: «Мұндай голдар үшін бұрын құрамадан қуады немесе орындыққа отырғызатын»

NUR.KZ
«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смаков Қазақстан Премьер-Лигасының 15-турындағы «Астанаға» қарсы (0:2) ойында командасының ойынына пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Жігіттердің жанкештілігіне ешқандай кінә арта алмаймын. Бірақ екі голға байланысты үлкен сұрақтарым бар. Бірінші гол — біздегі баяғы дерт. Концентрация жетіспейді. Қалайша бес-он секундтың ішінде гол өткізіп алуға болады? Бірінші айналымда да дәл осындай доптардан көп ұтылдық. Айтамын: қандай жолмен болса да — баспен болсын, тіземен болсын — мына қарсы шабуылды тоқтат! Бірақ тоқтатқан жоқ, өткізіп алдық.
Ал екінші гол — мүлде ақылға қонбайтын жағдай. Үш орталық қорғаушының арасына доп түсіп жатыр, ал Чинеду олардан артта болса да, озып кетіп, гол соғып отыр. Бұрын мұндайға қорғаушыларды құрамадан шығаратын, не орындыққа отырғызатын.
Жанкештілік жағынан барлығы дұрыс. Ойын алдында балаларды қатаң күреске дайындадық. Себебі шеберлігі жоғары қарсыластарға қарсы тығыз әрі қатты ойнау — жалғыз жол. Жігіттер бұл тапсырманы жартылай орындады, кейбір жас ойыншылар толқыды. Бірақ тырысты, ойнады. Ақыр соңында, бұл матчтың тағдырын жекелеген ойыншылардың шеберлігі шешті, — деді Самат Смаков ойыннан кейін.