ҚФФ футзал саласында жаңа басшы тағайындады

kff.kz
Қазақстан футзалына жаңа басшы келді. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
2023-2024 жылдары Нұрсұлтан Құрман ҚФҚ вице-президенті қызметін атқарған. Ол осы кезеңде медиа стратегия мен коммуникациялық даму бағыттарын қадағалады. Ал 2025 жылдың қаңтарынан бастап ҚФФ президентінің кеңесшісі болды. Сондай-ақ мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.
Нұрсұлтан Құрман спорт саласында мол тәжірибе жинаған. Ол футбол мен футзалдан Қазақстан чемпионаттарын ақпараттық жағынан қамтамасыз етіп, бірқатар арнайы медиа жобалардың дамуына, ұлттық турнирлерді ұйымдастыру мен бұқаралық футбол саласындағы бастамалардың жүзеге асуына үлес қосты.
Жаңа президенттің басшылығымен Қазақстан футзалы институционалдық тұрғыдан нығайып, турнирлердің географиясы кеңейтіліп, аймақтардың белсенділігі мен жарыстардың медиялық көрінісі арта түседі деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін ҚФҚ президенті қызметін атқарған Талғат Қосмұхамбетов енді қауымдастықтың вице-президенті лауазымына ауысады.