Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» турнирі басталды: Жүлде қоры қанша?

Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» турнирі басталды: Жүлде қоры қанша?
Күрес

Ашық дереккөзінен

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы – 2025» XIV республикалық турниріне қомақты жүлде қоры ұсынылды. 

Жылдың басты ұлттық күрес додасының жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге. Жүлделер келесідей бөлінген:

1-орын – 15 000 000 теңге

2-орын – 3 300 000 теңге

3-орын – 1 080 000 теңге

Сонымен қатар, әр белдесуде жеңіске жеткен балуандарға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Айта кетелік, биылғы додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 43 балуан қатысады. Олардың қатарында өткен жылғы «Қазақстан Барысы – 2024» жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен «Әскер Барысы» турнирінің үздіктері де бар.