Килиан Мбаппе енді “Реал Мадрид” сапында басқа нөмірмен өнер көрсетеді

Футбол
РМ
Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мадридтік “Реал” клубында жаңа маусымнан бастап №10 жейде киетінін хабарлады, деп жазады Bassport.kz.
26 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында “10” саны бейнеленген жазба жариялап, алдағы 2025/26 маусымда дәл осы нөмірмен алаңға шығатынын меңзеді.
Айта кетейік, бұған дейін №10 жейде Лука Модричке тиесілі болатын. Хорватиялық жартылай қорғаушы осы жазда еркін агент ретінде “Милан” клубына ауысты.
Өткен маусымда Мбаппе “Реал” сапында №9 нөмірімен ойнады.
Өткен маусымда Килиан Мбаппе Испания чемпионатында 31 гол соғып, “Алтын бутса” иегері атанды.