Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін беделді жарыста өнер көрсетеді

Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін беделді жарыста өнер көрсетеді
Күрес

olympic.kz

9 тамызда Ақтөбеде күрестен халықаралық деңгейдегі ірі турнир – Wrestling Stars League 4 ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Додаға Қазақстан құрамасының бірнеше балуаны қатысады. 97 келі салмақта ел атынан Ризабек Айтмұхан татамиге шығады. Оның қарсыластары – ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.

Сонымен бірге:

• 79 кг: Дәулет Ергеш – Магомед Магомаев (Ресей)

• 65 кг: Мейрамбек Қартбай – Нұрсадық Нұрдинов (Қырғызстан)

Жарыс бағдарламасында өзге де тартысты кездесулер жоспарланған.