Темірлан Анарбековке автокөліктің кілті табысталды

Темірлан Анарбековке автокөліктің кілті табысталды
Футбол

Қайрат ФК

Алматылық «Қайраттың» жас қақпашысы Темірлан Анарбековке Zigi Zagi компаниясы жаңа автокөлік тарту етті.

"Селтикке" қарсы қарымта матчта Темірлан Анарбеков сол кездесудің басты каһарманы атанған еді. Әсіресе, пенальти сериясында, 21 жастағы қақпашы шын шеберлігін көрсетіп, күллі қазақ еліне қуаныш сыйлады.

Оның ерлігі елдегі кәсіпкерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Zigi Zagi компаниясы “халықтың атынан” деп жас қақпашыға су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. 

 Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза «Реал» және «Спортингке» қарсы ойындардағы ерлігі үшін кәсіпкер Ұлықбек Шариповтен көлік мінген еді. Сондай-ақ, спорт жанашыры клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің еңбегін де қапы қалдырмады.