Астанада ерекше қажеттілігі бар адамдар арасында шахмат Олимпиадасы өтіп жатыр

Қазақстан шахмат федерациясы
Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған екінші шахмат Олимпиадасы басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Паралимпиада жаттығу орталығы осынау бірегей оқиғаның аренасына айналып отыр. Олимпиадаға 29 елдің 34 командасы қатысады. Жарыс «төртке төрт» форматында өтеді. Командалар аралас. Олардың қатарында есту, көру қабілеті бұзылған және тірек-қимыл аппараты зақымдалған (ТҚАЗ) ойыншылар бар. Әр командада кем дегенде бір әйел болуы керек. FIDE рейтингі бар екі ойыншының болғаны жөн. Команда капитаны да ойнауы мүмкін.
Еуропаның намысын 8 команда - Польша, Венгрия, Германия, Израиль, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия және Чехия құрамалары қорғайды. Азияның 7 елі Олимпиада Бангладеш, Үндістан, Мьянма, БАӘ, Өзбекстан, ФИДЕ-1 және Филиппин жүлдесіне таласады. Солтүстік және Оңтүстік Америкадан 7 құрама, атап айтсақ, Аргентина, Венесуэла, Колумбия, Панама, АҚШ, Чили және Куба қатысады. Африкадан Мысыр, Замбия, Зимбабве, Кения және Уганда командалары өз бақтарын сынап көреді. Үш команда халықаралық қауымдастыққа өкілдік етеді: ICCD (есту қабілеті бұзылған), IBCA (көру қабілеті бұзылған) және IPCA (ТҚАЗ). FIDE президенті екі Қазақстан ICCD және ФИДЕ-2 командаларын ұсынды. Жарысты қабылдаушы ел екі құраманы қатыстыра алады және олар: Қазақстан-1 және Қазақстан-2 командалары. Польша турнирдің фавориті болып есептеледі. Оның ойыншыларының орташа рейтингі — 2296.
Турнир 25 қазанға дейін жалғасады. Алғашқы бес тур 20-24 қазан аралығында өтеді. Алтыншы тур 25 қазанда басталады. 25 қазанның кешінде марапаттау және жабылу рәсімі өтеді.