Бекасыл Асамбек Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Күрес
Арлан Олжабай
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты.
Нәтижесінде қазақ балуаны 4:1 есебімен жеңіске жетті.