“Қайрат” Миланға жолға аттанды

“Қайрат” Миланға жолға аттанды
Футбол

“Қайрат” ФК

Алматылық “Қайрат” УЕФА Чемпиондар Лигасы 4-туры аясындағы ойынын өткізу үшін Миланға аттанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Команда ойыншылары мен бапкерлер штабы бүгін Италияның Милан қаласына жолға шықты. Бұл туралы клуб әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жариялады. “Қайрат” 5 қарашада “Интермен” кездеседі. 

Ойын Астана уақытымен 6 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де басталады. 

Алматылық ұжымның қоржынында УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңіндегі үш матчтан кейін бір ұпай бар. “Қайрат” Португалияның “Спортинг” командасынан және мадридтік “Реалдан” жеңіліп, “Пафоспен” тең тарқасты.