Қазақстан ФИФА рейтингінде нешінші орында
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған әлемдік рейтингісін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстан ұлттық құрамасы жақында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін Бельгиямен тең түсіп, аяқтаған және одан кейін Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Жаңартвоған әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 1173 ұпаймен 115-орында.
Ал көш басында Еуропа чемпионы Испания құрамасы қалды. Екінші орында Аргентина, ал үздік үштікті Франция түйіндеп тұр.