“Жеңіс” клубына жаңа капитан тағайындалды
Дзюдо
Ғұсман Қырғызбаев/ Сурет: Тұрар Қазанғапов
“Жеңіс” кәсіби дзюдо клубына жаңа капитан тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Клубтың ерлер командасының жаңа капитаны болып 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс медалінің иегері Ғұсман Қырғызбаев тағайындалды.
Бұл қызметті бұған дейін Олимпиада чемпионы Елдос Сметов атқарған еді. Клуб басшылығы Сметовтің “Жеңіс” клубындағы спорттық жолы ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Ол клубтың Даңқ залына енгізіліп, “құрметті капитан” мәртебесіне ие болды.