Қазақстан құрамасы Италиядағы Гран-Приге қатысады
Семсерлесу
Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі халықаралық жарыста ел намысын алты спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов, Тамирлан Қалиев, София Актаева, Алёна Гноева және Күлжан Түсіпбекова енді.
Гран-при турнирі 5-7 ақпан аралығында өтеді.