Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Германиядағы турнирде 15 медаль алды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Германиядағы турнирде 15 медаль алды
Жекпе-жек

UWW

Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандастарымыз аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін), Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медальға ие болды. 

Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін), Диас Кален (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте көш бастады.