Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының финалына өтті
Жекпе-жек
Сали Сабиров
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынайды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің жартылай финалында Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен жеңді. Ұлттық құрамаға жеңіс ұпайын Аида Тойшыбекова әкелді.
Осылайша қазақстандықтар Азиаданың финалында Жапония құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.