Қазақстандық балуан Азиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді

Қазақстандық балуан Азиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді
Жекпе-жек

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты. Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды. Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады. 

Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.