Попко Куршумлия-Банедегі жарыстың бас кубогына таласады

Попко Куршумлия-Банедегі жарыстың бас кубогына таласады
Теннис

sports.kz

Сербияда өтіп жатқан ITF M15 турнирінде екінші нөмірмен себілген отандасымыз жартылай финалда франциялық Александр Обрионы 6:4, 6:0 есебімен еш қиындықсыз қапы қалдырды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм бермеген Дмитрий нағыз шеберлік танытты.Енді бас жүлде үшін ол турнирдің бірінші ракеткасы, корт иесі Бранко Джуричпен кездеседі. Бұл екі теннисші өткен аптада ғана дәл осы қаланың финалында ойнап, тартысты өткен матчта серб жеңіске жеткен еді.

Енді Попкода есе қайтаратын тамаша мүмкіндік бар.