Дмитрий Попко Түркиядағы турнирде үздік шықты
Теннис
ҚТФ
Қазақстандық теннисші, әлемнің 493-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF M15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚңазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткасы блып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен аустриялық Маттиас Уйвариды 6:1, 3:6, 6:1 есебімен жолдан тайдырды.
Содан кейін екінші айналымда франциялық Антони Фабрдан басым түсті – 6:0, 6:3. Ширек финалда чехиялық Матиаш Черныды қапы қалдырды – 6:3, 6:2. Жартылай финалда ирандық Али Язданиды 7:6 (7:4), 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Попко финалда әлемнің 374-інші, турнирдің 1-ракеткасы, ресейлік Андрей Чепелевтен айласын асырды – 6:2, 7:5.
Отандасымыз осы табысының нәтижесінде қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 483-орынға көтеріліп тұр.