Дэвис кубогы: Алғашқы жарыс күні Қазақстан Таиландты 2:0 есебімен жеңді
Теннис
skatov_timofey/Instagram
Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы Таиландқа қарсы кездесудің алғашқы күнінде 2:0 есебімен алға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Астана төрінде өткен тартысты матчтарда Александр Шевченко мен Тимофей Скатов қарсыластарынан айласын асырды.
Алғашқы болып кортқа шыққан Шевченко Максимус Джонсты үш сетке созылған бәсекеде 6:4, 1:6, 7:5 есебімен жеңді. Одан кейінгі жекелей кездесуде Скатов Касидит Самрейді 6:4, 7:6 (7:4) есебімен қапы қалдырды.
Айта кетейік, 19 қыркүйекте командалар алдымен жұптық сында бақ сынайды, одан кейін тағы екі жекелей кездесу өтеді.