Наталья Богданова ширек финалда өзбекстандық боксшыны жеңді
Бокс
ҰОК
Наталья Богданова Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда өзбекстандық Азиза Зокировамен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы минуттарында Өзбекстан өкілі басымдық танытты. Дегенмен отандасымыз үшінші раундта 4:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.