Скатов Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Скатов Қытайдағы турнирді сәтті бастады
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші, әлемнің 210-ракеткасы Тимофей Скатов Шанхай (Қытай) АТР 1000 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Т.Скатов іріктеудің жартылай финалында әлемнің 135-ракеткасы, грекиялық Стефанос Сакелларидиске қарсы келді.  Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Скатов 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Сакелларидис 5 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) ерекшеленді. Тимофей Скатов іріктеудің финалында әлемнің 185-ракеткасы, аустралиялық Бернард Томичпен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.  Тағы бір қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Александр Шевченко іріктеу сайысының жартылай финалында рейтингіде 218-орындағы жапониялық Йосихито Нисиокаға 2:6, 4:6 есебімен жол берді.