Жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында Анатолий Руденко финалға жолдама алды
Басқа
ҰОК
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден ел намысын қорғады. Іріктеуде ол қашықтықты 1:04.12 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орын алды. Ал финалға сегізінші орынмен шықты.
Айта кетейік, финал бүгін, 3 қарашада өтеді.