Давид Лория өзін-өзі депутаттыққа ұсынды

Давид Лория өзін-өзі депутаттыққа ұсынды
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы. қазір Астана қаласы ффутбол федерациясының президенті Давид Лория елорда мәслихаты депутаттығына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Астананың қаласы мәслихатына бір мандатты сайлау округі бойынша сынға түсемін. Мен үшін әлеуметтік мәселелер мен спорт тақырыбы әрдайым бірінші орында. Бірінші кезекте өзің жақсы білетін сұрақтарды шешу керек деп ойлаймын. Қаламыз үшін, халқымыз, балаларымыз салауатты өмір салтыр ұстанып, әртүрлі спорт түрлерімен жақсы жағдайда айналысуы үшін не керек екенін білемін. Осыларды шешу - менің бірінші міндетім”, - деп түсіндірді Давид Лория өзін-өзі депутаттыққа ұсынуын. 

Еске салайық, Давид Лориядан өзге Әлия Юсупова, Фируза Шарипова, Элизабет Тұрсынбаева мен Жансая Әбдімәлік сынды спортшылар да депутаттыққа үміткерлер қатарында бар.