Данилина Катардағы жарыстың ширек финалына өте алмады
Теннис
Жұптық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Дохадағы WTA-500 турнирінің 1/8 финалынан әрі аса алған жоқ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Турнирде бразилиялық Луиза Стефанимен бірге өнер көрсеткен қазақстандық теннисші бірінші айналымда қытайлық-мексикалық дуэт Шуай Чжан - Джуалиана Олмоспен сынға түсіп, 7:5, 4:6, 10:7 есебімен жеңіліс тапты.
1 сағат 39 минут ішінде қазақстандық-бразилиялық жұп 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырып, 4 қосарланған қателікке жол берді.