Қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды
Басқа
ҰОК
1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды. Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.