«Елімай» Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен аса алмады
Футбол
«Елімай» Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен аса алмады
«Елімай» футбол командасы еурокубоктардағы тарихи маусымын сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Семейлік клуб Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта армениялық «Алашкерт» командасына пенальти сериясында есе жіберді.
Ойынның 4-минутында қонақтар сапынан Момо Туре есеп ашқанымен, арада көп ұзамай Акмаль Бақтияров айып алаңының сыртынан жойқын соққы бағыттап, таразы басын теңестірді. Овертаймның 96-минутында Хрвое Илич пенальтиді мүлтіксіз орындап, семейліктерді алға шығарды. Алайда, 121-минутта Дауда Тогола таразы басын теңестіріп кетті. Өкінішке қарай, пенальти сериясында 5:6 есебімен Армения клубының бағы жанды.