Андрей Ферапонтов «Қайсар» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Андрей Ферапонтов «Қайсар» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Футбол

«Қайсар» футбол клубы

«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Андрей Ферапонтов қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsport.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

– Андрей Святославовичке «Қайсар» футбол клубындағы адал қызметі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Адағы бапкерлік жолына толағай табыс, шығармашылық ізденіс және жаңа жеңістер тілейміз, - деп жазылған хабарламада.

Тәжірибелі маман бас бапкер қызметін «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болды.

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында «Қайсар» 23 матчтан кейін 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында келеді. Команда 3 рет жеңіске жетсе, 11 рет тең түсіп, 9 рет жеңілді. Қызылордалық клуб биыл Қазақстан кубогында финалға дейін жетті. Енді олар финалда Шымкенттің «Ордабасы» клубымен шеберлік байқасады.