Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Басқа

ҰОК

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Аталған жарыста отандастарымыз барлық қару түрлері бойынша жүлдеге таласады. 

Шпага: Кирилл Проходов, Богдан Лукин, Георгий Тинников, Михаил Кузьмин, Каролина Фомина, Наталья Зинякова, Мария Лесовская, Полина Лесовская

Сабля: Қуаныш Ерғашбай, Қайназар Нұрқатұлы, Бексұлтан Абжал, Ерхан Қараман, Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Адема Серікбай

Рапира: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Мансұр Естеу, Евгений Токанов, София Актаева, Алена Гноева, Алина Искандерова, Ксения Андреева

Айта кетейік, Азия чемпионаты 2 қарашада аяқталады.