Жәнібек Әлімханұлы Нью-Йоркте титулдық жекпе-жекке дайындықты бастады

Жәнібек Әлімханұлы Нью-Йоркте титулдық жекпе-жекке дайындықты бастады
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы титулдық жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына келді. Спортшы командасымен бірге жаттығу өткізетін залды таңдап үлгерді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жекке дайындық жүргізбек. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы мен оның командасы уақыт белдеуінің өзгеруіне бейімделіп, толыққанды жаттығу жиынын бастауға әзірленіп жатыр. Бұл туралы Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Дайындықты Нью-Йоркте өткіземіз! Әзірге уақыт айырмашылығына бейімделіп жатырмыз. Бірнеше жаттығу залын аралап, ең қолайлысын таңдадық. Жекпе-жек жыл басында өтеді!» - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, алдағы кездесу жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық боксшы үшін жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жек болмақ.