Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатына аттанатын боксшылар құрамын жариялады

 Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатына аттанатын боксшылар құрамын жариялады
Бокс

World Boxing

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының (U-19) бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев Черногорияның Будва қаласында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын отандық былғары қолғап шеберлерінің ресми құрамын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

«World Boxing» ұйымының аясында ұйымдастырылатын бұл беделді сында ел намысын 10 боксшы қорғайды. Олардың қатарында жастар арасындағы қазіргі Азия чемпиондары Бибарыс Әшірбай мен Владислав Саможонов бар.

Жаһандық дода 16-27 қазан аралығында Жерорта теңізі спорт кешенінде өтеді және оған әлемнің 75-тен астам елінен 550-ден астам жас дарын қатысады деп күтіліп отыр. 

Қазақстан U-19 құрамасының әлем чемпионатына арналған құрамы

50 келіге дейін Әділ Асқанбай 

55 келіге дейін Айдос Үсенов

60 келіге дейін Данияр Ақбисенов

65 келіге дейін Ақжүрек Қалабай 

70 келіге дейін Бибарыс Әшірбай

75 келіге дейін Әмір Рамазан

80 келіге дейін Тимур Тайбеков

85 келіге дейін Руслан Ахметов

90 келіге дейін Еркетан Жарқынбек

90 келіден жоғары Владислав Саможонов