Ухандағы ірі жеңіс: Юлия Путинцева Крюгерді жеңіп, негізгі кезеңге өтті

Ухандағы ірі жеңіс: Юлия Путинцева Крюгерді жеңіп, негізгі кезеңге өтті
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, жарыстың негізгі кестесіне жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Квалификацияның шешуші матчында әлемнің 82-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингіде өзінен жоғары тұрған америкалық Эшлин Крюгермен (WTA тізімінде 73-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысында отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1, 6:3 есебімен айқын жеңіске жетті. Тартысты бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.  Осылайша, іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында румыниялық Елена-Габриэла Русені қапы қалдырған Путинцева екінші жеңісіне қол жеткізіп, Wuhan Open додасының негізгі кезеңінде бақ сынайтын үздіктер қатарына қосылды. Айта кетейік, Ухандағы беделді турнирдің негізгі кезеңі 12-18 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры биыл 4 088 211 долларды құрап отыр.