Данилина Бейжіңдегі турнирдің келесі айналымына жолдама алды

Данилина Бейжіңдегі турнирдің келесі айналымына жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші америкалық Дезире Кравчикпен бірге алғашқы айналымда жапониялық Суко Аояма – Қытайлық Тайбэй өкілі Энь Шо Лянмен ойнады. 

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сет те дәл осындай есеппен аяқталды. 

Анна Данилина – Дезире Кравчик ширек финалға шығу үшін жаңазеландиялық Эрин Рутлифф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен таласады.