Қазақстан U-16 құрамасы Batumi Cup 2026 турнирінің финалында жеңіліп қалды

Қазақстан U-16 құрамасы Batumi Cup 2026 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Футбол

sports.kz

Грузияның Батуми қаласында өткен Batumi Cup 2026 халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жарыстың бас жүлдесі сарапқа түскен финалдық кездесуде 16 жасқа дейінгі (U-16) Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Испанияның «Вильярреал» клубымен кездесті. Өкінішке қарай, шешуші ойында отандастарымыз қарсыласына 0:3 есебімен жол беріп, турнирдің бас кубогын қолдан шығарып алды.

Айта кетейік, топтық кезеңде бұл екі ұжым өзара кездесіп, ол ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Одан бөлек, қазақстандық жасөспірімдер турнир барысында батумилік «Динамоны» (5:0) және тбилисилік «Динамоны» (2:0) жеңіп, «Иберия 1999» командасымен (1:1) тең ойнаған еді.