Англия құрамасының шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды

Англия құрамасының шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды
Футбол

Report

Англия құрамасы мен Германияның «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн France Football француз журналының нұсқасы бойынша 2025/2026 жылғы маусымның үздік футболшысы атанып, «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Report сайтының мәліметінше, марапатты табыстаудың 70-ші мерейтойлық рәсімі Лондондағы «Палладиум» театрында өтті. Харри Кейн 2001 жылы Майкл Оуэннен кейін «Алтын доп» алған алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Ол — бұл марапатқа ие болған Англияның бесінші өкілі. 

OptaJoe басылымының мәліметінше, бұған дейін жүлдені Стэнли Мэттьюз, Бобби Чарльтон, Кевин Киган және Майкл Оуэн иеленген. 2025-26 жылғы маусымда Кейн «Бавария» сапында Германия Суперкубогын, Германия кубогын және Бундеслига чемпионатын жеңіп алды. Ал Англия құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2025 жылғы тамыздан 2026 жылғы шілдеге дейінгі аралықта Кейн «Бавария» мен Англия құрамасы сапында 65 матч өткізіп, 73 гол соққан. 

«Алтын доп» жүлдесіне үміткерлер қатарында Ламин Ямаль мен Килиан Мбаппе де болды. Ямаль үшінші жыл қатарынан үздік жас ойыншыға берілетін марапатты иеленді.