«Барыс» қатарынан үшінші рет жеңілді
Хоккей
«Барыс» ХК
Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 26 қазанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алғашқы екі кезеңде ресейлік клуб үш шайба соқса, оған қазақстандық ұжым бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде «Автомобилист» тағы бір мәрте көзге түсті. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл - елордалық клубтың қатарынан үшінші жеңілісі.