Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Жекпе-жек

Olympic.kz

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты. Нәтижесінде Бағдат Сабаз қарсыласынан 8:5 есебімен басым түсіп, жарыста қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) және Айдос Сұлтанғали (60 келі) үздік үштіктен көрінген еді.