Будапешттегі рейтингілік турнир: Қазақстан балуандары алтын мен күмісті қоржынға салды

Будапешттегі рейтингілік турнир: Қазақстан балуандары алтын мен күмісті қоржынға салды
Жекпе-жек

ҰОК

Будапешттегі беделді рейтингілік турнирде Қазақстан құрамасының балуандары жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Еркін күрестен 61 келі салмақта Асыл Айтақын финалда түркиялық Толга Өзбекті жеңіп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 125 келідегі ауыр салмақта белдескен Едіге Қасымбек польшалық Камиль Косьолекті 5:0 есебімен қапы қалдырып, турнир жеңімпазы атанды.

74 келіде Нұрқожа Қайпанов қытайлық Фэн Лумен өткен тартысты финалда (3:3) соңғы әдіс ережесі бойынша күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал әйелдер күресінен 50 келіде Зейнеп Баянова украиналық Оксана Ливач бозкілемге шықпағандықтан, автоматты түрде қола жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, Әділет Әлмұхамедов, Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай және Начын Куулар да ел қоржынына қола медальдарды салды.