Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Теннис

Olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Basspor.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер ширек финалда Испания құрамасымен кездеседі.

Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей:

Қазақстан – Испания
Италия – Қытай
Украина – Бельгия
Чехия – Ұлыбритания

Кездесулер 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэньде (Қытай) өтеді.