Юлия Путинцева - Азия ойындарының қола жүлдегері

Юлия Путинцева - Азия ойындарының қола жүлдегері
Теннис

Никита Басов

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті. Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды. 

Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.