Болгарияда «Ботев» футбол клубының иесін атып кетті
Футбол
«Ботев» футбол клубы
Болгарияда пловдивтік «Ботев» футбол клубының президенті әрі негізгі иесі Илиян Филипов қарулы шабуылдан қаза тапты, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Straitstimes.com порталының мәліметінше, қайғылы оқиға футбол матчынан кейін кәсіпкер үйіне бара жатқан жолда болған. Қандықол қылмыскер оның басынан атқан.
Илиян Филипов көлік және құрылыс саласындағы ірі бизнес иесі болған және «Ботев» клубының бақылау пакетін 2025 жылы сатып алған еді.
Қазіргі уақытта команда Болгария чемпионатында 16 ұпаймен 6-орында тұр.