Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын аяқтады

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын аяқтады
Футбол

ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадағы оқу-жаттығу жиынын толық аяқтады. Енді олар UEFA Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен кездесу үшін жолға аттанады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандастарымыз бұл турнирде С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Молдова, Фарер аралдары және Словакия.

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді. Алдымен 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер өтеді.