Байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарында ел қоржынына күміс медаль түсті

Байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарында ел қоржынына күміс медаль түсті
Басқа

Никита Басов

Қазақстан құрамасының өкілдері Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта байдарка-екілік сайысының финалында өнер көрсетті. Шешуші бәсекеде Шмелева мен Токарницкая мәреге 1 минут 48,140 секунд нәтижемен жетіп, екінші орын иеленді. 

Бұл сында Қытай құрамасының спортшылары жеңімпаз атанса, Өзбекстан өкілдері қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарындағы кезекті күміс жүлдені салды.