Азия ойындары: Алуа Балқыбекова ширек финалға өтті

Азия ойындары: Алуа Балқыбекова ширек финалға өтті
Бокс

ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен кездесті. Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына өтті. Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) да алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.