2028 жылғы UEFA Суперкубогы Астанада өтеді

2028 жылғы UEFA Суперкубогы Астанада өтеді
Футбол

ҚФФ

UEFA Атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы UEFA Суперкубогы өтетін орын ретінде бекітті. Беделді матч елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. 

Суперкубок үшін UEFA Чемпиондар лигасы мен UEFA Еуропа лигасының 2027/28 жылғы маусымдағы жеңімпаздары сынға түседі. Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер Еуропаның екі ірі клубтық турнирінің чемпиондарын өз алаңымызда тамашалай алады. Астананың таңдалуына Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және UEFA-мен ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарған кешенді жұмысы негіз болды. Қазақстанда мұндай деңгейдегі футбол матчының өтуі – отандық спорт үшін тарихи оқиға. «Астана Арена» жаңғыртылады Суперкубок қарсаңында «Астана Арена» стадионын қайта жаңғырту және инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жоспарланған жұмыстар стадионның UEFA-ның ірі еуропалық матчтарды өткізуге қойылатын қатаң талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етуге бағытталған. 2028 жылғы Суперкубокта Астанаға нақты қай клубтардың келетіні 2027/28 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қорытындысы бойынша белгілі болады.