Қазақстан U-15 құрамасы Сербиядағы турнирдің алғашқы матчында Түркиядан жеңілді
Футбол
ҚФФ
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияға 2:0 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Әнуар Жағыппардың шәкірттері бірінші таймда пенальтиден гол өткізіп алса, екінші таймда стандартты жағдайдан кейін екінші доп қақпа торында тулады.
UEFA Даму турниріндегі келесі матчын Қазақстан U-15 құрамасы 16 қыркүйек күні турнир қожайындары – Сербия U-15 құрамасына қарсы өткізеді.