Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды
Басқа
ҰОК
Қазақстан құрамасының өкілі Вадим Шарлаимов Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз шпагадан ерлер арасында өткен жекелей сында үздік үштіктен көрінді. Вадим Шарлаимов жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Венгрия өкілі Гергей Шиклошимен кездесті.
Бұл айқаста венгриялық семсерлесуші 15:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шарлаимов жекелей сындағы жарысты үшінші орынмен аяқтады.