Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аустрияға жауапсыз 7 гол соқты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аустрияға жауапсыз 7 гол соқты
Футбол

ҚФФ

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Аустрияны 7:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.  

Грузияның Кутаиси қаласында өткен кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Матчтың 19-минутында Роман Черноморец есеп ашты. Араға екі минут салып, Ануар Төленді Қазақстанның басымдығын арттырды. Ол 24-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды. Ал бірінші таймның соңында Сәлім Хасанов төртінші голды соқты. Екінші таймда да қазақстандық жас футболшылар шабуылын бәсеңдеткен жоқ. 60-минутта Ислам Рашидов есепті 5:0-ге жеткізсе, 63-минутта Роман Черноморец өзінің екінші голын соқты. Кездесудің 78-минутында Ибрахим Асан матчтың нүктесін қойды – 7:0.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің 14-тобында Австрия және Грузиямен бірге өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Аустрия мен Грузия арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталған болатын. Осы ірі жеңістің арқасында Русланжан Раимбакиев жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы іріктеудің екінші кезеңіндегі А лигасына шығу жолдамасын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Енді қазақстандық жасөспірімдер 17 қарашада топтағы соңғы кездесуін алаң иелері Грузия құрамасына қарсы өткізеді.