Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Тобыл» Алматыда «Қайратты» ойсырата жеңді

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Тобыл» Алматыда «Қайратты» ойсырата жеңді
Футбол

«Қайрат» ФК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ХХVІ турында алматылық клуб өз алаңында қостанайлық «Тобылдан» 1:4 есебімен жеңіліп, маңызды ұпайдан айырылды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Матч барысындағы негізгі сәттер мен гол авторлары:

0:1 – 18-минутта «Тобыл» шабуылшысы Урош Милованович пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты.

1:1 – 40-минутта «Қайраттың» сұрмергені Марк Гуаль таразы басын теңестірді.

1:2 – 44-минутта Урош Милованович дубль жасап, қостанайлықтарды қайта алға шығарды.

1:3 – 63-минутта Виталий Лисакович есепті еселей түсті.

1:4 – 80-минутта Луис Герра матчтың нүктесін қойып, алаң иелерін тас-талқан етті.

Осы жеңістен кейін «Тобыл» турнир кестесінде 34 ұпаймен 7-орынға жайғасты.

Енді алдағы 27-турда (17 қыркүйекте) «Тобыл» өз үйінде «Елімайды» қабылдаса, «Қайрат» сырт алаңда «Астанамен» кім мықтыны анықтайды.