Дзюдодан Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде ел қоржынына қола жүлде түсті
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті. Нәтижесінде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.